Түркістан: Отбасы – ұлттың тірегі

Түркістан қаласында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты байқау өтті. Сайысқа 6 өнерлі отбасы қатысып, төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Қатысушылар зияткерлік сұрақтарда тапқырлық танытып, командалық сайыста тартысты ойын көрсетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық тәрбиені жаңғырту. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін көрсете отырып, асыл мұрамыз болған салт-дәстүрлерімізді жаңғырту. Мемлекет құндылығы саналатын отбасыны сақтап қалуға үндеп, қоғамға үлгі болатын жанұяларды насихаттау.

Жиынға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев, «Құрмет орденінің» иегері, қаланың Құрметті азаматы Баян Адырбекова, «Оқу ісінің үздігі» Зағира Мұстафаева, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы Саракүл Таңатарова қатысты.

Байқау қорытындысымен бас жүлдені Кәрібаевтар отбасы иеленіп, I орын Сұлтанбековтер отбасына бұйырды. II орынға Жұманов пен Жұмадуллаевтар отбасы, III орынға Әбенов пен Басықараевтар отбасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...