Түркістан: Октябрь Жарылқаповты еске алу турнирі өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Октябрь Жарылқаповты еске алу турнирі өтіп жатыр

Түркістанда волейболдан 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында республикалық турнир басталды. Спорттық сайыс КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының волейболдан спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Октябрь Жарылқапов – өзінің 37 жылдық қысқа ғана ғұмырында ел спорты тарихында өшпес із қалдырды. Ол іргетасын қалаған Алматының «Буревестник» клубы көптеген дүбірлі додада дара шығып, әлемдегі ең әйгілі командалар қатарынан көрінді.

Атақты спортшының құрметіне ұйымдастырылған шараға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыста Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Жетісай қалаларынан келген және түркістандық жалпы 150 спортшы бақ сынасады.

Айта кетейік, былтыр біртуар азаматтың атына берілген қаладағы Октябрь Жарылқапов стадионы толық жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...