Түркістан облысындағы балабақшаларға воучерлік жүйе енгізіледі

Түркістан облысындағы балабақшалардың жұмысы жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың сапалы жұмыс жүргізілуі басты назарға алынып, балабақшаларды ретке келтіру мақсатында цифрландыру және воучерлік жүйе енгізілмек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Воучерлік жүйе арқылы ата-ана бәсекеге қабілетті балабақшаны таңдап, қаржысын соған жұмсауға ықпал ете алады.

Биыл балабақшаларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар кемшілік анықталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 7664 орын қысқартылды.

Түркістан білім басқармасы тарапынан «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығын орындау үшін пилоттық жобаға қатысушылармен (ата-аналар, балабақшалар) консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, облыста 1424 мектепке дейінгі ұйым қызмет атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік – 265, жекеменшік – 1110, 2 арнайы мектеп-балабақша, мектеп жанындағы шағын орталық – 46, 1 балабақша-бастауыш мектеп бар. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 77,9 пайызын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы балалар саны 187 612 болса, оның 183 454-і мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Облыста мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балалар үлесі 97,8 пайызды құрайды.

x

Check Also

Созақ ауданына биыл 140 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Созақ ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 638 млрд 395 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, аудан экономикасына 138 ...

В Келесском районе строится крупнейший в стране тепличный комплекс

Самый крупный тепличный комплекс в Казахстане строится в Келесском районе. Проект теплиц общей площадью 500 га в сельском округе Актобе ...