Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр

Түркістан облысында 15-тамыз бен 5-қазан аралығында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы шарасын жүргізуде.

Бұл мақсатта аудан-қалаларда арнайы жұмысшы топтар құрылған. Олар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Педен мәлімдеді.

«2023-2024 жылғы жылыту маусымында облыс көлемінде 201 өрт тіркелді. Материалдық шығын — 286 млн. 577 мың теңгені құрады. Орын алған өрттің 53%-ы тұрғын үй секторында орын алып отыр. Өрттің басым бөлігі — электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу, оның ішінде электр сымдарының тозуы себебінен туындауда. Осы орайда басқарма тарапынан есепке алынған 26 380 тұрғын үй тексерілді. Өрт қауіпсіздігі айлығы соңына дейін тұрғын үйлер толық араланып, үгіт-насихат жұмыстары аясында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілетін болады. Одан бөлек, қызыл жалынның алдын алу мақсатында облыс аумағындағы билбордтарға арнайы бейнероликтер қойылды. Сонымен қатар, БАҚ арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...