Түркістан облысында бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл өңірде 20 мектептің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде, 15 мектептің құрылысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болса, қалған 5 мектептің құрылысы биыл басталды. Жыл соңына дейін 13 білім ұясының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр.

Биыл жаңа оқу жылында 700 орындық 4 білім ұясының ашылу салтанаты өтті. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебі мен С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық білім ұясы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл елді мекенінде 100 орындық оқу ордасы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта білім беретін мектеп пайдалануға тапсырылды.

Бұдан бөлек, қараша-желтоқсан айларында тағы 3100 орындық 9 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде, 60 мыңдай оқушы заманауи білім ошақтарында оқуға мүмкіндік алады.

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...