Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Білім күніне орай Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші және 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты шара ұйымдастырылды.

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектепте өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, сәттілік тіледі.

– Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында облысымыздағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа артты. Оқушылардың болжамды контингенті 500 мыңнан асады. Оның ішінде 1-сыныпқа 52 593 бала қабылданып отыр. Биыл үнемделген қаражат есебінен 300-ден аса білім беру ұйымына жөндеу және табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл дегеніміз облыстағы әрбір үшінші мектеп жаңартылды деген сөз. Жаңа оқу жылы табысты болсын! – деді облыс әкімінің орынбасары.

Аталған білім ордасы 2007 жылы пайдалануға берілген. 800 орынға арналған білім ұясы биыл ағымдағы жөндеуден өтті. Шатыр жабылып, мектеп сырты толық боялды. Электр сымдары, ішкі және сыртқы шамдар ауыстырылды. Мектеп дәліздері ретке келтірілді. Әжетханасы жаңартылды. Алты оқу кабинетінің едендеріне тақтай қағылды, тоғыз сыныптың жылу жүйесі ауыстырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жемқорлық жолымен табылған қаржылар мемлекетке қайтарылып, мектеп құрылысына жұмсалуда. Осы қор арқылы облыста 20 мектептің құрылыс жұмыстары жүруде. Оның ішіндегі 13 мектеп биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл облыстағы апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. Осы мақсатта 29 «Жайлы мектеп» құрылысы жүргізілуде, онда 14 мың оқушы білім алады.

Облыс халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Қазіргі таңда, облыста 2-6 жастағы 187 612 бала мектепке дейінгі тәрбие, яғни балабақшаға барады. Түркістан облысында 50 колледж жұмыс жасайды, онда 71 мамандық бойынша 30 000 студент білім алуда. Атап айтқанда мемлекеттікте – 17 271, жекеменшікте – 13 110.

Жаңа оқу жылында 62 мектепке 265 арнайы пән кабинеттері алынуда. Мектептердегі интернет жылдамдығын ретке келтіру мақсатында ағымдағы жылы 330 мектепке Starlink құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында мемлекеттік 910 мектептегі 221 мың оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...