Түркістан облысында 270 мыннан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынады

Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егу жоспарланған. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

«Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бойынша (ЖРВИ)150 227 жағдай тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6% өскен. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды. Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 50 000 дана екпе жеткізілген. ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының асқынуларына жол бермеу мақсатында өңір бойынша 1 қазанға дейін екпе жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр», — деп баяндады спикер.

Сондай-ақ брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.
«Қазіргі таңда облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған — 241, балаларға арналған — 445, реанимациялық төсек-орын саны – 287. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 212, оның ішінде ЖРВИ саны – 203, пневмония – 9», -деді сала басшысы.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...