Түркістан: Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы құқықтық семинар өтті

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» атты облыстық семинар өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы тікелей Президент әкімшілігінің бақылауында екендігі және сала бойынша ҚР Президентінің №954 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдар жыл сайын бағаланып отыратындығы барлығымызға белгілі. Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына аса мән берілуі және жоғары деңгейде орындалуы тиіс, — деді басқарма басшысы Марат Айнабеков.

Жиналыста басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұржан Қалтбеков Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, «ХҚКО» МО АЖО ЫАЖ» мониторингі нәтижесінде анықталған бұзушылықтар баяндалды. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, құқықтық оқыту өткізілді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...