Түркістан: Мектеп оқушылары автобуста 50%-дық жеңілдікпен жүреді

Түркістан қаласының қоғамдық көліктеріне заманауи талаптарға сай барлық жағдай жасалынып келеді. Атап айтқанда автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын «AlemPay» электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді шаһарда «AlemPay» төлем картасын сатып алу арқылы мектеп оқушылары жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады.

«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады.

Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыз. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады. Қолма-қол 100 теңге, «AlemРay»-мен 70 теңге, ал мектеп оқушылары үшін жол ақысы 35 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда шаһардағы жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі бойынша жаңа жоба әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданды. Егер қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 22 бағытта қатынайтын 190-ға жуық қоғамдық көлік тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...