Түркістан: Жастар орталығы тегін үйірмелер ұсынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жастар орталығы тегін үйірмелер ұсынады

Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығында» тегін спорт бөлмесі жұмыс істейді. Бұл қала жастары үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт бөлмесінде шынығу үшін орталықтағы спорт үйірмесіне жазылу қажет. Сол арқылы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:20 мен 17:20 аралығында спортпен шұғылдануға болады. Келушілерге нұсқау беретін арнайы екі жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт бөлмесі жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, орталықта үстел теннисімен де айналысуға мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығында» ағылшын тілі курсына қатысып, тегін шет тілін үйренуге мүмкіндік бар. Шет тілі курсы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09:00 ден 19:00-дейін жүргізіледі.

Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады. Бүгінгі күнге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» 3 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...