Түркістан: «Жаңа өмірге» жаңа қадам

Түркістан қаласында пробациялық бақылауға алынған азаматтар арасында «Жаңа өмір» атауымен спорттық сайыс өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстың алдын алып, құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған шара 30-дан аса азаматты қамтыды.

Спорттық жарыста «Түркістан», «Яссы», «Тұран», «Шауғар» командалары футбол, арқан тарту, гір тасын көтеруден сайысқа түсті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова, Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Серік Үсеев қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша футболдан бірінші орынды «Шауғар» командасы иеленсе, екінші орын «Тұран», үшінші орын «Түркістан» командаларына бұйырды.

Гір көтеруден бірінші орынға «Яссы» командасы, екінші орынға «Тұран», үшінші орынға «Түркістан» командасы ие болды.

Арқан тартыстан «Яссы» командасы алға шықса, «Түркістан» командасы екінші орыннан, «Шауғар» командасы үшінші орыннан көрінді.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...