Төлебилік шебер ер тұрманның 20-дан астам түрін түгендеп кітап жазған

Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов ер тұрман жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаға 300-ге жуық адам арнайы тапсырыс беріп, алатын ерін күтіп жүрген жайы бар. Оның көпшілігі — Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау секілді өңірлердің тұрғындары. Тіпті, ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан және Мәскеуден де тұтынушылар бар екен.

Төлеби ауданы Достық ауылының тұрғыны Құрбанәлі Ағаділовтың бұл кәсіпті қолға алғанына 30 жылға жуық уақыт болған. Осы уақыт ішінде ол 3000-нан астам ер тоқым жасап, халық игілігіне ұсынған.

x

Check Also

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен ...

Түркістан облысы: Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыстары жүреді

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн ...