Төлебиде ғұмырларын еңбекке арнаған әулет бар

Төлеби ауданында ҰОС ардагері Отарбай Есболовтың әулеті түгелдей еңбек адамдары. Олардың еңбек өтілі жүз жылға жуықтайды. Әулеттің үлкендері өткен ғасырдың 47 жылдары білім саласында еңбек ете бастаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әулеттің екінші буын өкілі Шырынбек Есболов білім саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, мектеп ұжымын басқарып,саналы ұрпақ тәрбиелеген. Бұл күнде Төлеби ауданының Құрметті азаматы. Үшінші буын өкілі Отарбай Нұрлыбек М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ұлағатты ұстазы, ғылыми дәрежелі PhD докторы.

Қ.Р. білім- ғылым саласына сүбелі үлес қосумен қатар, спорт, мәдениет, қайырымдылық іс шараларда да аянбай атсалысып жүр. Әулеттің немерелері Шырынбек Шұғыла, Шырынбек Балауса да педагогика мамандығын таңдап, білім гранты иегерлері, Астана қаласындағы Гумилёв атындағы ЕҰУ-ң студенттері.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...