«Таза Қазақстан»: Түркістанда 125 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды

Түркістан қаласында 800-ге жуық адамның қатысуымен кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына шаһардағы 6 сектор тұрғындары, эко-белсенділер мен қала жастары атсалысты.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен тазалық жұмыстары барысында Б.Саттарханов даңғылы, 9-11 көше, Б. Майлин көшесі, Жарылқапов көшесі, Тынышқұлов көшесі, Қызылорда тас жолы қураған шөптер мен күл-қоқыстан тазартылды.

Жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 8 техника жұмылдырылды. Жалпы 125 тоннадан астам қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.

Сонымен қатар «Жаңа қала» аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандар бойынша анықталған кемшіліктер ретке келтірілді.

x

Check Also

Түркістан: Білім нысандарының жөндеу жұмыстары — қала әкімінің бақылауында

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты. Сапалы ...

Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарлармасымен грантқа түсті

2025 жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты осы жоба ...