Таңдауды халық жасайды

Бәрімізге белгілі, қыркүйектің 2-сіндегі ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында стратегиялық жоспарларды ортаға сала келе, «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді.

Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз» деді. Референдум – бұл белгілі бір мәселе бойынша халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешім қабылдау процесі. Оның маңыздылығы бірнеше аспектілерден тұрады:

Біріншіден, референдум халықтың тікелей басқаруға қатысуының маңызды құралы. Ол азаматтарға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді, демократиялық принциптерді нығайтады. Екіншіден, референдум арқылы қабылданатын шешімдер заң шығарушы орган немесе үкімет тарапынан емес, тікелей халықтың дауысымен қабылданады. Бұл маңызды мәселелер бойынша халықтың ықпалын арттырады. Үшіншіден, референдум мемлекетте немесе аймақта қоғамдық пікірдің қандай екенін нақты көрсетеді. Ол халықтың маңызды мәселелерге қалай қарайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген елдерде референдум маңызды құқықтық немесе конституциялық өзгерістерді қабылдаудың қажетті шарты болып табылады. Отанымыз Қазақстан да осы бағытпен келеді.

Осынау маңызды мәселеге орай республиқалық референдумді Түркістан өңірі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындау және өткізуді және бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6351 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 945 учаскелік референдум комиссиялары (6 225 мүше). Облыста жалпы 945 референдум учаскесі бар, оның ішінде 26 жабық референдум учаскесі жұмыс істейді.

Референдумға дайындық барысында жаңадан 5 референдум учаскесі ашылды және 13 учаскенің шекараларына өзгерістер енгізілді (Сайрам – 4; Сауран – 2; Созақ – 2; Төлеби – 3; Ордабасы – 2;). Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер) және жергілікті әкімдіктердің интернет-ресурстарында аудандық және қалалық учаскелік референдум комиссияларының құрамдары мен учаскелердің шекаралары бойынша ақпараттар толық жарияланды.

Еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында референдум комиссияларын III деңгейлі оқыту іс-шаралары жоспарланды. Алдымен 20 – 21 тамыз күндері Түркістан қаласында барлық аудандық /қалалық/ аумақтық референдум комиссияларының төраға, орынбасар және хатшыларына (51 адам) республикалық референдум бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Екінші деңгейде, 4 – 13 қыркүйек аралығында облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері әр аудан, қалада учаскелік референдум комиссияларының төраға, орынбасар және хатшыларына (жалпы қамтылғаны 2835 адам) заңнама талаптары бойынша семинарлар, кейстік жағдайларға байланысты тренинг сабақтар өтті. Ал, үшінші деңгейде, қалған учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған (жалпы 6351 адам). Бұдан бөлек, облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдеріне және саяси партиялар мүшелеріне 24 – 27 қыркүйек аралығында арнайы семинарлар желісін өткізу қарастырылған. Осы күндері барлық аудан, қалаларда оқыту семинарлары өтіп жатыр. Оқытуға қазірше 4000 (68%) астам адам қатысқан. Оқыту жоспарға сәйкес жалғасады.

ҚР Орталық референдум комиссиясының нұсқаулығына сәйкес облыстық референдум комиссиясының интернет-ресурсында «Референдум – 2024» бөлімі мен тиісті тармақтары ашылды. Сондай-ақ, сайтта референдумға қатысты аудио және бейне материалдар, медиа-контент пен инфографикалық ақпараттар тұрақты негізде жарияланып отыр. Облыстық комиссияның «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осындай интернет-ресурстар мен әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы түсіндіру жұмыстары облыстағы барлық аудан, қалаларда іске асырылып келеді. ҚР ОРК ұсынылған эскиздік үлгіге сәйкес жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ақпараттық 250 баннер орнатылды. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органдардың есебінен 1316 ақпараттық материалдар халық назарына ұсынылды.

Саяси науқанға сәйкес Түркістан облысында бүгінгі күнге референдум өтетіні туралы БАҚ-да 34 447 материал жарық көрді. Атап айтқанда, телеарналарда – 1623, интернет сайттарда – 273, баспа басылымдарында – 51, әлеуметтік желілерде – 32500 материал көрермен мен оқырмандарға жол тартты. Референдум тақырыбына қатысты облыста 5 жергілікті теледидар, 29 газет және 1 радио ақпараттандыру жұмыстарымен айналысады, 985 – «Facebook», 702 – «Instagram» парақшалары, 301 – «Telegram», 944 – «WhatsApp» чаттар мен топтар жұмыс істеуде.

Республикалық референдум күні облысымызда 427 учаскеде онлайн сервисті іске қосу жоспарланған. Әр учаскеде комиссияның 2 мүшесі бекітіледі, азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «Электрондық үкімет» порталында тексеру мүмкіндігі беріледі. Барлық тиісті жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылады. Бүгінде барлық аудан, қалада сенім телефондары, облыста «109-бірыңғай» Call-орталық жұмыс істейді және аудан, қалаларда «Сенім телефондары» іске қосылып, жауапты адамдар бекітілді. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ресми интернет ресурстарында «Өз референдум учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Облыс аумағында 5 телеарнада 121 желілікте ҚР Орталық Референдум Комиссиясы ұсынған роликтер көрсетілуде.

Референдумды ұйымдастыру процесінің маңызды элементтерінің бірі – референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімдері. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 20 қыркүйектен бастап тұрғындар өз деректерінің дұрыстығын тексеру мүмкіндігіне ие болады.

Дауыс берушілер тізімін қалыптастыру алгортиміне сәйкес АИС «Сайлау» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізіліп, облыстағы сайлаушылар саны 1 180 176 азаматты құрады. Дауыс берушілер тізімін өзектендіру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс тобы құрылған. Тізімді қалыптастыру алгортиміне сәйкес өзара жедел ақпарат алмасу мүмкіндігі жолға қойылған.

Республикалық референдумға қатысуға мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін де жағдай жасалған. Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны – 83 385 адам. Оның ішінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың саны – 13 672. Мүмкіндігі шектеулі дауыс берушілер арасынан 2 464 адам кресло-арбаларды пайдаланады (749 СУ тіркелген), көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар (зағип және нашар көретін) – 7 418 (736 СУ тіркелген), есіту қабілеті бойынша мүгедектігі бар (саңырау) – 3 800 азамат (664 СУ тіркелген).

Облыс бойынша 945 референдум учаскесі толығымен «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген. Жалпы, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта жағдайлары жасалған. Аудандық /қалалық/ аумақтық референдум комиссияларымен 10 қыркүйектегі актіге сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар орналасқан ғимараттарға кіре берісте тұтқалармен (100 %), пандустармен (100 %) толық жабдықталған. Барлық учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштармен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда облыстық комиссия арқылы 32 қоғамдық ұйым аккредиттеуден өтті, олардың барлығында референдум және сайлау процессін бақылау құқығы бар.

Қорыта айтқанда, референдум белгілі бір мәселелер бойынша қоғамдағы пікір қайшылықтарын шешу құралы ретінде де қызмет етеді. Ендеше, дауыс беруге барып, әрбір азамат еліміздің болашағына үлесін қосуы тиіс. Өз таңдауыңызды жасаңыз, қадірлі оқырман.

Аңсар УСЕРБАЕВ

x

Check Also

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру туралы

БАҚ тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыйақыны беруге байланысты жағдайды түсіндіру бойынша өтініштердің келіп түсуіне орай келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ...

Еліміздің 170 ауданында пәндік олимпиада өтіп жатыр (видео)

Елімізде IQanat Олимпиадасы басталды, деп хабарлайды 24kz. Республикалық білім сайысының І кезеңі 170 ауданда өтіп жатыр. Интеллектуалдық сайыста сегізінші сыныпта ...