Шымкентте МӘМС шеңберінде 70-тен астам медициналық ұйым оңалту шараларын көрсетуде

Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде.  Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.

Медициналық оңалту МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға қол жетімді және науқастардың қалыпты өмірге қайта оралуларына орасан көмегін тигізуде. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2000-ға жуық адамға оңалту шараларын көрсеткен.

Емдеу процесінде медициналық оңалту шаралары аса маңызды. Мәселен, инсульт, түрлі жарақаттар мен басқа да аурулардың асқынуында отадан кейін науқастардың аяққа тұрып, қалыпты өмірге оралулары оңалтуға байланысты. Сондықтан сақтандыру жүйесінде аталмыш ем-шараға ерекше көңіл бөлінген.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент

x

Check Also

Түркістан облысында 22 мыңнан астам адамға папиллома вирусына қарсы екпе егілді

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізіміне 11 жастағы қыз балаларды папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді. Бұл ...

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ...