Шымкентте Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза жағалау» іс-шарасы ұйымдастырылды

Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда, бүгін «Орманшы» тұрғын алабында шағын «Таза жағалау» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, қоршау, орындықтарды сырлап шықты. Аталған іс-шарадан кейін аулалардың өңі өзгеріп, айнала мұнтаздай таза болып шыға келді.

– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс.Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

x

Check Also

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында ...

Шымкенттің сүт өнімдері әлемдік нарыққа экспортталады

Қала аумағында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде, сүтті қайта өндеумен айналысатын ...