Шымкент университетінде Президент жолдауы талқыланды

Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов осы университеттің студенттері арасында референдумге барып ел дамуы үшін өз таңдауларын жасау мәселесі мен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Студенттерге әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы айтылып, ұлт араздығы мен діни араздықты ушықтыру жағдайларының қолданыстағы заң аясындағы салдары жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың әскери борышты өтеудегі парызы, елжандылық, отансүйгіштік мәселелері туралы кеңінен сөз болды. Сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, іс-шара тиісті деңгейде өткізілді.

x

Check Also

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ...

Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету ...