Шымкент: Жол жөндеу жұмыстары

Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысының 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселінді. Бұл өз кезегінде 1 жылдық уақытты және 500 млн. тенге қаражатты үнемдеуді берді.

Тозығы жеткен 11 орталық көшенің асфальтбетон қабаты жаңартылды. (Түркістан, Төреқұлов, Әйтеке би, Ақпан батыр, Серпін, Әмір Темір, Гүлдер ай, Сайрам,Шаймерденов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен А2 айналма жолы-Республика қиылысы).

Әл-Фараби алаңының жол жамылғысының тозығы жеткендігінен жыл сайын шұңқырлардың және жарықшалардың пайда болу әсерінен жамау жұмыстарын әр жылы жүргізу бюджетке тиімсіз болды. Жол жолақтарын жаңартуда ескі асфальтбетон қабатына жанаспауы әсерінен және аталған алаңға соңғы жөндеу жұмыстары 2009 жылы жүргізілгендігін, яғни аралық жөндеу мерзімінің өтіп кеткендігін және де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескеріп, ағымдағы жылы жол жамылғысына жаңарту жұмыстары жүргізілді.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...