Шымкент жастары АЭС құрылысын қолдайды

Еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орны – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері болашақта отандық атом индустриясында қызмет ете алады.

Олар бұған қажет білім мен біліктілікке ие. Сонымен қатар, АЭС еліміздегі өндірісті және көптеген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтере алады. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері студенттермен, жас ғалымдармен және белсенділермен кездесу барысында айтты.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін ерекше атап өтті. АЭС түрлі тәуекелдің алдын алып, елімізді қуатты энергетикалық базасы бар прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосады.

«АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алады. Бәріңіз де экономикасы дамыған, болашағы зор, қуатты да тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргілеріңіз келетіні сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көздегені – осы. Қазіргі қолға алынып жатқан істер, ең алдымен, сіздер үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт жетті. Ал батыл шешімді қабылдайтын – жастар! Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деді Ерлан Қошанов жастарға қарата айтқан сөзінде.

АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Осы мақсатта атом энергетикасын дамытудың болашақ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадр даярлаудың жеке Жоспары әзірленіп, оның негізінде қажетті мамандар даярланады.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...