Сауранда “Қарттарым асыл-қазынам” және “Еңбек күніне” арналған ісшара өтті

Сауран аудандық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарттарым асыл — қазынам» және «Еңбек күніне» арналған мәдени іс-шара болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек қатысып, жиналған көпшілікті алдағы келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап игі тілектерін білдірді.

Шарада қарттарға арналып, мерекелік концерттік бағдарлама жиналған көпшілікке ұсынылды. Қоғамның ізгілігі – балалар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Қазақ халқында «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген тәмсіл бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. Өмірден көрген түйін, тұрмыстан көрген тәжірибе бағалы сөздің қадірін баршаға ұғындырарлық қасиетке ие болады.

Мерекелік жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қазыналы қарияларымызға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстап естелік суретке түсті.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...