Сауранда «Мейірім шуағы» атты ерекше жандардың шығармашылық кеші өтті

Сауран аудандық мәдениет үйінде ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен талантты жастарды қолдау және мүмкіндігі шектеулі жастарды ынталандыру, тең қоғам терезесін қалыптастыру мақсатында «Мейірім шуағы» атты жастарға арналған шығармашылық кеш болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымхан Бәйтенова, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Пердебек Сержанұлы, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай қатысып, игі тілектерін білдірді.

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов «Бәріміздің дәрежеміз тең. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жастар арасында өнерлі, талантты жандар көп. Біз қоғамды белгілі санатқа бөлгенді жөн көрмейміз. Бәріміз Қазақстанның азаматымыз. Біз олардың өз өнерін көрсетуіне әрқашан мүмкіндік береміз», — деп шараға қатысушы ерекше қабілетті жастарға ыстық ықыласын білдірді.

Шара барысында аудан әкімі аппаратының басшысы мен Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Пердебек Сержанұлы өнерлі жастарға аудан әкімінің алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...