Сауранда аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға дербес бөлім және тисіті мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бабайборған ауылдық округінің тұрғыны Бақытжан Мамбетов тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдей алмай жүргендігін және С.Қожанов көшесіндегі жарықтың нашарлығын айтса, Шорнақ ауылының тұрғыны Ботакөз Жакеева үй іргесіне құрылыс жүргізген, алайда заңсыз салынған құрылыс деп айыппұл салынған, осы мәселені шешіп беруін алға тартты.

Ескі Иқан ауылдық округі Ақнұр Мұхаева тұрғын үй кезегі бойынша мәселесін айтса, Шаға ауылдық округінің тұрғыны Гүлнар Маманова тұрғын үй алуға көмек беруін сұранды. Сонымен бірге, Шорнақ ауылының тұрғыны Ұлбосын Тайжанова жұмысқа орналастырып беруін, Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны Ерғали Тілеубергенов тұрғын үйіне көгілдір отынды кіргізіп беруін жеткізді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, шешу бағытында ұсыныстарын айтып, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететін болды.

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...