Сауранда 9 елді мекенде интернет желісінің сапасы жақсарады

Сауран ауданында 2024 жылдың жоспарына сәйкес, «Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ операторлары тарапынан 9 елді мекенге атап айтқанда Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық, Қосмезгіл ауылдарына жаңа базалық станция орнату жоспарланған. Қазіргі таңда бұл мақсатта арнайы жер телімі рәсімделіп, қажетті жұмыстар жүргізілген.

Аталған елді мекендерге 4G стандартын қолдайтын базалық станция орнатылатын болады. Техникалық жұмыстар биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...