Сауран: Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөніндегі атқарылған іс-шаралары туралы аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Оразәлі Қаржаубаев, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Әділбеков баяндама жасады.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, меншікті қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (мал, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау және тағы басқа) мәселелер бойынша аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Оразәлі Қаржаубаев хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша құқықбұзушылық профилактикасының алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, алдағы уақытта ауылдық округтер мен бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...