Сауран: Жаңа Иқанда жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде жекеменшік 577 орынға лайықталған «Дарын KZ 1» жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова, ауылдың ақсақалдары мен тағы да басқа қонақтар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев құттықтау сөз сөйлеп, барша жиналған көпшілікті жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

“Сіздерді бүгінгі жаңа мектептің ашылуымен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Cіздер үшін бүгін маңызды, себебі жаңа мектептің табылдырығын атап отырсыздар. Қазақстанның болашағы — ертеңгі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан, сабақтарыңызды жақсы оқып, еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосады деп сенім білдіремін”, — деді Бақытжан Кеңесбекұлы.

Ауданда биылғы оқу жылына 5 мектеп пайдалануға беріліп отыр, оның 1-еуі мемлекеттік, 4 жекеменшік мектептер. Ал, жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 мектеп пайдалануға беріледі. Атап өтсек, С.Қожанов елді мекеніндегі 300 орындық, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі 600 орындық, Аша елді мекеніндегі 600 орындық білім ұялары оқушыларға есігін айқара ашатын болады. Ал, келер жылы Ынталы мен Құмтүйін елді мекендерінде 600 орындық екі мектептің құрылысы аяқталмақ.

Аудан бойынша 56 орта білім беру ұйымдары болса, оның 41 мемлекеттік, 15 жекеменшік, онда 23 911 оқушы білім алуда, оларға 3578 ұстаз қызмет етеді. Биылғы оқу жылына 2228 бүлдіршін 1 сыныптың табалдырығын аттады.

x

Check Also

Жолдау: Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүріп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласындағы қордаланған ...

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық қос мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Ел Президентінің ...