Сауран ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Сауран ауданы Қарашық өзеніндегі көпірге биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыстың толық аяқталуын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қадағалап, бақылау жүргізді. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «Строй ТДК» ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарды атқарды. Мердігер апатты жағдайдағы көпірді толығымен қайта қалпына келтірді. Сондай-ақ, нысан жиегіне темір қоршаулар орнатылды.

Көпірдің жалпы ұзындығы 45 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Айта кетерлігі, жұмыс сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және сала мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

x

Check Also

Түркістан облысында ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көлік тапсырылып, су шаруашылығы өкілдеріне құрмет көрсетілді

Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында ...

Түркістан: Шетелдік инвесторлармен туризм және терең өңдеу салалары бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және ...