Сауран ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Сауран ауданы Қарашық өзеніндегі көпірге биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыстың толық аяқталуын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қадағалап, бақылау жүргізді. Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «Строй ТДК» ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарды атқарды. Мердігер апатты жағдайдағы көпірді толығымен қайта қалпына келтірді. Сондай-ақ, нысан жиегіне темір қоршаулар орнатылды.

Көпірдің жалпы ұзындығы 45 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Айта кетерлігі, жұмыс сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және сала мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...