Сауран ауданында ауыл тұрғындары сенбілікке шықты

Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында 200-ге жуық адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округтен азаматтар қатысып, елді мекеннің басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округте тұрақты жалғасын тауып келеді.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 6 техника жұмылдырылды. Елді мекеннің орталық көшелері мен автожол бойлары қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып келеді.

x

Check Also

Жолдау: Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүріп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласындағы қордаланған ...

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық қос мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Ел Президентінің ...