Сауран ауданында ауыл көшелері жөндеуден өтіп жатыр

Сауран ауданындағы Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін бұл мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.

Бүгінде Майдантал ауыл округінің Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі Төрткүл, Ақсарай, Құсшы ата, Ақсай, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, І.Жансүгіров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 12,56 шақырымды құрайтын көшелер «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі тарапынан атқарылуда.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...