Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Оранғай ауылдық округі, Бостандық елді мекенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көпірдің құрылысымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ұзындығы 15 метрді, ені 5 метрді құрайтын көпір құрылысы басталды. Аталмыш жұмыстарды “Meritorium” ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырады.
Бұған дейін аудан әкімінің есепті кездесулерінде ауыл тұрғындары тарапынан аталған көпірді жөндеу бойынша мәселе көтерген болатын. Осы негізде көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша нақты тапсырма берілген. Жөндеуді қажет ететін көпірге қаржы бюджеттен бөлініп, өзен бойындағы тозығы жеткен жаяу жүргіншілер көпірі толық жөнделіп, қайта қалпына келтірілетін болады. Мамандар жаңа нысанның құрылысы жоспарға сай аяқталатындығын айтты. Нәтижесінде ішкі жолдардың сапалылығы артып, қатынас қызметінің жақсаруына ықпал етеді.