Сауран әкімі жеке қабылдау өткізді

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, дербес бөлім және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекенінің тұрғыны Дүйсенкүл Ермаханова Бабайқорған ауылдық округі емханасынан келінін ескертусіз жұмыстан шығарып жібергені үшін шағымын айтып келді. Сонымен бірге, Бабайқорған ауылдық округі, Игілік ауылының тұрғыны Ережеп Қорғамбаев бірнеше мәселені алға тартты. Атап өтсек, Игілік елді мекеніне асфальт төсеу, ауыз су, ауылға мектеп салу, интернет байланысы үшін антенна орнату мәселелерін көтерді.

Ал, Шаға ауылдық округі, ХХХ жылдығы елді мекенінің тұрғыны Адырбек Базарбаев жер телімін заңдастырып беруін, осы аталған елді мекеннің тұрғыны Оразгелді Егізбаев ауыл шаруашылық жер теліміне инвестор тарту мәселесін жеткізді. Бұдан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округі, Мәшһүр Жүсіп елді мекенінің тұрғыны Бибігүл Санғұлқызы тұрғын үй кезегімен үй алудың жай жапсарын сұрады.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...