Сауран: Абай елді мекеніндегі ауыз су мәселесі өз шешімін таппақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Абай елді мекеніндегі ауыз су мәселесі өз шешімін таппақ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Абай елді-мекеніндегі су тарату орталығына барып, ауыз су мәселесін тексерді. Жалпы елді-мекенді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы құрылыс жұмыстарын «Бек-Сервис» ЖШС-і мердігер мекемесінің ықпалымен жүзеге асқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі мыңға жуық халық қоныстанған аймақта 246 үй болса, су алушы абонент саны 192-ні құрайды. Бүгінде нысан ішіндегі құрал-жабдықтар қараусыз қалу салдарынан барлық су құбыр жүйесі жарамсыз күйде тұр. Одан бөлек, нысан құрылысында ұңғыма қазу жұмыстары да қаралмаған. Осыған сәйкес, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттің қарауына ұсынылған. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржының бөлінуіне өтінім де жолданған. Егер жоба мақұлданса, орталық құрылыс жұмыстарын бастауды көздеп отыр.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...