Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Абай елді-мекеніндегі су тарату орталығына барып, ауыз су мәселесін тексерді. Жалпы елді-мекенді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы құрылыс жұмыстарын «Бек-Сервис» ЖШС-і мердігер мекемесінің ықпалымен жүзеге асқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі мыңға жуық халық қоныстанған аймақта 246 үй болса, су алушы абонент саны 192-ні құрайды. Бүгінде нысан ішіндегі құрал-жабдықтар қараусыз қалу салдарынан барлық су құбыр жүйесі жарамсыз күйде тұр. Одан бөлек, нысан құрылысында ұңғыма қазу жұмыстары да қаралмаған. Осыған сәйкес, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттің қарауына ұсынылған. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржының бөлінуіне өтінім де жолданған. Егер жоба мақұлданса, орталық құрылыс жұмыстарын бастауды көздеп отыр.