Сайрамда Тілдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Сайрам ауданында «Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты іс-шара өтті.

Жиын барысында аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында алдымен Тілдерді оқыту және жекеменшік «Лидер», «GES» оқыту орталықтарының көрмесі қойылды. Сондай-ақ «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тыныс-тіршілігі бейнеленген бейнетаспа көрермен назарына жол тарты.

Қазақстандағы Тілдер мерекесі — елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған ерекше мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.

Мерекелік шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматтары мен тіл жанашырлары қатысып, шараға жиналған баршаны айтулы күнмен құттықтады. Жиын соңында тіл саласына елеулі еңбек сіңірген тұлғалар марапатталып, мерекелік бағдарлама тіл мен рух, отаншылдық бағытындағы әсем әндермен жалғасты.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...