Референдум: Түркістандықтар белсенділік танытуда

Бүгін, яғни 6 қазанда сағат 7:00-ден бастап еліміздегі барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Таңмен таласып 17 аудан-қала бойынша 945 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Дауыс беру – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.

Республика бойынша құрылған сайлау учаскелерінің санына тоқталсақ. Түркістан облысында дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны ең көп үштікке кіретіндіктен, мұнда ең көп, яғни, 945 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Республикалық референдумда ел бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, Республикалық референдумда ел бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум бүгін таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өтеді. Ел азаматтары өздері тіркелген учаскеге барып дауыс беруіне болады.

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...