Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды (видео)

ЮНЕСКО тізіміндегі нысан мемлекет қорғауына алынды, деп хабарлайды 24kz.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Қазақстандағы алғашқы нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады. Оның маңыздылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұдан былай нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді. Кесене сегіз бөлмеден тұрады. Олар Тайқазан тұрған ортадағы ең үлкен залды айнала орналасқан. 1385-1405 жылдар аралығында кесененің төңірегіне қосалқы ғимараттар салынған. Бүгінде мұражай-қорық аумағына мешіт, Үлкен және Кіші Ақсарай залдары, кітапхана және шаруашылық кешені, құдық, асхана, тұрғынжайлар кіреді.

Мәулен Садықбек, «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының директоры:
— 10 жыл арада уақыт өткеннен кейін қазір мемлекет қайтадан күзет мәселесін Ішкі істер министрлігіне тапсырып жатыр. Бұл жерде қатты бір өзгеріс дейтін ештеңе жоқ. Бір күзеттен ежелден келе жатқан күзет түріне қайтадан көшіп жатыр. Ал жалпы ол ескерткіш ол барлық уақытта мемекеттің қарауында. Халықаралық санаттағы ескерткіштер болады, республикалық дәрежедегі ескерткіш болады және мынау жергілікті маңызы бар ескерткіш бар. Бұл үш санаттағы ескерткіште мемлекеттің толық қадағалауында тұр.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...