Қарттарын қадірлеген ел ардақты

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, қаланың құрметті азаматы Ұлжалғас Мұстафаева, тарих ғылымдарының кандидаты, қаланың құрметті азаматы Баян Адырбекова, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдағы қарттардың еңбегін құрметтеу. Жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Келелі отырыста сөз алған Ұлжалғас Әбенқызы қарттарды мерекемен құттықтап, олардың әрқайсысының ұлт тәрбиелеудегі тәлім-тағылымдарының орны бөлек екендігін айтса, Баян Садыққызы жас буынды ізеттілік пен мейірімділікке шақырды. Жиын барысында орталық ардагерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Түркістан қаласында қазіргі таңда 14900-ден астам зейнеткер бар. Ал «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» биыл 2 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсеткен.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...