Ордабасыда 4 жұп егіз мектепке барды

Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа 4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған білім ошағының 1-а сыныбына барған Серікбай Амина, Серікбай Алинаның ата-анасы 7 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым отбасы. Анасы жұмыссыз. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады. Ал 1-ә сыныбындағы Нұрғали Ақарыс пен Нұрғали Бекарыстың отбасында алты бала тәрбиленуде. Әкесі әкімшілікте қарауыл қызметінде, ал анасы үй шаруасындағы әйел.

Сәрсен Нұрдәулет пен Сәрсен Бақдәулеттің отбасында 4 бала тәрбиеленуде. Егіздердің бірі Асқар Аяна мен Аяла. Бұл отбасыда 6 қыз 1 ұл тәрбиеленуде. Анасы Жаңабекова Баян ауылдық кітапханада меңгеруші болып жұмыс жасайды. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...