МӘМС және отбасының цифрлық картасының орындалуы бойынша жиналыс өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

МӘМС және отбасының цифрлық картасының орындалуы бойынша жиналыс өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары және тиісті сала өкілдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру жүйесі, отбасының цифрлық картасы бойынша тапсырмалардың орындалуы сұралды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық емхананың жауапты өкілі баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз деңгейінде жұмыс жасамай жатқан ауылдық округтерін атап өтті.

Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қахраман Мирзараймов хабарлап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топ құрылып, жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, толық орындауды тапсырды.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...