Кентауда Білім күніне орай жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Кентауда Білім күніне орай жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Кентау қаласы, Шоқтас ауылындағы жалпы орта мектептің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындары мен балаларды білім күнімен құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Белсенді ауыл тұрғынына өңірдің дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. Балаларға білім мен тәлім беруде 100-ге жуық ұстаз қызмет атқарады. Мектеп оқушыларына барлық жағдайы қамтылған білім ордасының заманауи спорт залы бар. Мектеп құрылтайшысы Насымбек Джанадилов биыл балаларға арнап ашық алаңға жаңа ойын алаңшасын салып берді.

Ойын алаңшаға Кентау қаласының құрметті азаматы, спорт шебері Қанатбек Шағатаевтың есімі берілді. Алдағы уақытта бұл алаңша ауыл балалары үшін кез-келген уақытта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...