Жоғары оқу орнында АЭС мәселесі талқыланды

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ- да Президент Жолдауы насихатталды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда Жолдаудағы айтылған мәселелер сөз болып, оның ішіндегі негізгі мәселе Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы айтылды. Жиын барысында баяндамашылар АЭС-ті пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне және оның еліміздің энергетикалық секторын дамыту үшін маңыздылығына тоқталып, бұл құрылыстың болашақ үшін қажеттіліктен туындағанын жеткізді. Сондай-ақ, бүкілхалықтық референдум өтетіні де айтылды.

— Президентіміз АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, бұл «азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деген болатын. Соған байланысты референдум 6 қазанда өтетіні белгілі болды. Енді ел болып, белсенділік көрсетіп, сол референдумға атсалысайық, — деді Сәрсен Абайұлы.

АЭС тақырыбында баяндама оқыған профессор Рамиль Илясов АЭС жұмысын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, халық арасындағы атомға байланысты орын алған қорқыныш пен үрейден арылу керектігін айтты. Сондай-ақ, оқу орнының ғалымдары АЭС энергиясы тұрақты және экологиялық қауіпсіз екендігін, әлемде атом стансалары дамыған технологиямен салынғанын алға тартып, пікірлерін айтты. Сөз арасында осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың да тапшылығы айтылып, білікті мамандар дайындауды қолға алу керекті сөз болды.

Жиын соңында Жолдауды насихаттауға жиналғандар референдумның ашық та, әділетті өтуіне атсалысатындықтарын жеткізді.

Мәлімет үшін. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Ал өз шешімін қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы. Мамандар зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Бағамдасақ, бұл электр стансасының қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі айтарлықтай екендігіне көз жеткізуге болады.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...