Жетісайда «Алғашқы қоңырау» соғылып, білім күні мерекесі атап өтілді

Жетісайда 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесіне арналған мереклік шара өтіп, алғашқы қоңырау соғылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайдеков Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін білім ұяларының табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді мейіріммен, үлкен дайындықпен қарсы алады. 1-қыркүйек айтулы мереке ғана емес, бұл еліміздің болашағы үшін жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!» деді аудан басшысы.

Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 4 мыңға тарта 1-сынып бүлдіршіндерінің 77-сі, 3940 9-сынып бітіргендердің 93-і, 11-сыныпты аяқтаған 3060 бітірушінің 64-і «Қайнар» мектеп-гимназиясында білім алған. Одан бөлек, «Үздік аттестат» алған 246 бітірушінің 6-ы, 190 «Алтын белгі» иегерлерінің 9-ы осы мектептің түлектері.

Жаңа оқу жылында аудан бойынша 4215 бала мектеп табалдырығын аттап, 3295 бүлдіршін мектепалды дайындық топтарына келсе, өткен оқу жылының рейтингі бойынша көш бастаған «Қайнар» мектеп-гимназиясында 100 асықаталық бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданған.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...