Жетісай қаласында жемқорлық тәуекелдер картасына енген 500 орындық мектеп пайдалануға берілді

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген Жетісай қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы 500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда мектепте 300 бала білім алуда.

Бюджет қаржысына салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы 2 жылға жуық уақытқа тұрақтап, мердігер мекеменің салғырттығынан 500-ден аса оқушы ұзақ уақыт өзге мектептің ғимаратында білім алуға мәжбүр болды.

Антикор еріктілермен бірлесіп, ұзақ мерзімді әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауда ұстайтын болады. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...