Энергетика ел дамуының негізгі қозғаушы күші — Xnews — ақпарат агенттігі

Энергетика ел дамуының негізгі қозғаушы күші

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының мүшелері бүгін Түркістан облысының жедел жәрдем бөлімінде кездесу өткізді, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың прогрессивті мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.

Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев АЭС салу бастамасының түпкі мәні энергетикалық қауіпсіздікті қамтудан туындайтынын мәлімдеп, «Біз, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін ойласақ, АЭС салудың маңызы зор екенінін түсінуіміз қажет. Себебі, энергетика қашан да, ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып саналады. Энергия көзі жеткілікті болса ғана өндірістің көлемі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады», — деді.

Атом станциясын салуды тұрғындардың көпшілігі қолдайтынын атап өткен мәслихат депутаты Аманжол Данаханұлы бізде атом саласында жұмыс істейтін ғалымдар мен инженерлер бар ма деген сауал тұрғындар арасында ең көп айтылып жатқан мәселе екеніне назар аударды. Бұл жөнінде Саттарбек Махатович Курчатовта Ұлттық ядролық орталық жұмыс жүргізсе, Алматыда Ядролық физика институты бар екенін айтты. Бұл институттар АЭС құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз етеді және бұл жұмыстар Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің бақылауында жүзеге асатынын мәлім етті.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан ақ халаттылар бастамаға бірауыздан қолдау көрсетіп, энергия ел экономикасының қозғаушы күші деген ортақ пікірге келді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...