«Энергетика – адамзаттың болашағы»: Студенттер арасында маңызды кездесу өтті

Бүгін «Энергетика — адамзаттың болашағы» тақырыбында студенттер арасында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды энергетика саласындағы өзекті мәселелермен таныстыру және болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісу болды.

Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Спикерлердің арасында “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық жас қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты.

Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...