Халықтық штаб өкілдері саурандықтармен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың өкілдері Сауран ауданындағы «Қамқорлық бөлімшесі» орталығында, А.Байтұрсынов атындағы білім ұясының ғимаратында ардагерлермен, ауыл тұрғындарымен жүздесті.

Іс-шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов, энергетика саласының мамандары мен зерттеуші ғалымдар көпшілікке АЭС-тің пайдалы тұстарын айтып, құрылыс қолдау тапқан жағдайда қандай өзгерістер орын алатынын жеткізді.

— Штаб мүшелері бүгінде еліміз жан-жақты дамып, түрлі салада тың бастамалардың іске асырылып, зауыттар, фабрикалар, кәсіпорындар мен өндіріс аймақтарының көптеп құрылып жатқанын жеткізді. «Тиісінше мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар саны азайып, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандардың тұрмысы түзелуде. Алайда, қазір әлем халқы болашақта орын алуы ықтимал энергия тапшылығына алаңдаулы. Ал ол проблеманың алдын алудың ең тиімді жолы атом электр станцияларын салу болып отыр. Осыған дейін АЭС-тер әлемнің алпауыт, экономикасы қарыштап дамыған елдерінде салынса, бүгінгі таңда тағы да отыздан аса ел шешім қабылдап, тиісті жұмыстарды бастап кетті. Себебі, мұндай станция кез келген елді келешектегі энергетика тапшылығынан құтқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған бастаманы көтеруі де осыған тікелей байланысты. Бірақ, Президентіміз өз бетінше шешім қабылдамай, 6 қазан күні референдум өткізу туралы Жарлық қабылдады. Бұл «таңдауды халық жасасын» деген сөз, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев.

Энергетика саласында көптеген жыл бойы еңбек еткен сарапшылардың айтуынша, қазір әлемнің отыздан аса елі АЭС-салуға кіріскен. Оның себебі – энергия тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ғалымдар атом электр станцияларын салу арқылы «ғаламдық жылыну» проблемасын шешуге болатынын жеткізді. Одан бөлек, күн сайын шығарылып жатқан озық технологиялар АЭС-тердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын барынша азайтатынын мәлім етті.

Кездесу аясында ардагерлер мен тұрғындар пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Штаб мүшелері референдум барысындағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екенін айтты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...