Цифрландыру кезінде электр энергиясы маңызды стратегиялық ресурс

АЭС салу алдағы уақытта референдум арқылы шешілмек. Алайда оған мұқтаждықтың бар екенін жасыра алмаймыз. Бар мәселе энергия тапшылығынан басталып тұр.

Мысалы, Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 70 пайызға жуығы электр стансаларының үлесінде. Кеңес Одағы кезінде салынған Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Ақсу ГРЭС-і сияқты ірі кешендер көмірмен жұмыс істейді.

Олардан атмосфераны ластайтын заттар көп бөлінеді.

Сондықтан пайдалы қазбаларды пайдаланудан бас тартып, таза энергетикаға, яғни атом энергетикасын көшу қажеттігі туындап тұр.

Ал атомдық станция жел мен күн станцияларына қарағанда тиімді екендігі айтылуда.

Оның үстіне электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сол себепті атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жолы болып тұр.

Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүріп жатыр, бұл жағдайда электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатындығы хақ.

Энергетикалық қауіпсіздік – бұл ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі. Негізі біз әлі сырттан келетін энергияға тәуелдіміз. Тәуелділіктің салдарынан кейбір өндірісті биік шыңға шығара алмай отырған жайымыз да бар.

Бұл әрине ойланатын нәрсе. Атом электр станциясын салу халық талқысына салынуы да осыдан.

Алмасбек МАМЫТБЕКОВ,
қоғам қайраткері

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...