Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ

Бүгін Түркістан қаласында Яссы секторы тұрғындарына АЭС (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кешен ұжымын 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырған кездесу өтті.

Түсіндірме жұмыстарына Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Сарсенбаев Ғаппар, Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Худияров Ғалымжан және Асылов Ақниет және облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреқызымен бірге қатысып АЭС пайдасын түсіндірді.

Жиында жалпыхалықтық референдумды тағайындау туралы бастаманың құқықтық негіздерін түсіндіріп өтті. Мемлекет өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы таңдау жасалатыны айтылды. Сондай-ақ жиын барысында, АЭС салу бастамасының технологиялық және ғылыми аспектілері, энергетикалық қауіпсіздікті және тәуелсіздікті қамту мәселелеріндегі рөлі талқыланып, ғалымдар мен сарапшылардың объективті бағалаулары келтірілді.

Жиынға қатысушылар АЭС салу бастамасы қай жағынан болсын, бүгінгі таңдағы ең тиімді жоба екендігіне көз жеткізді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...