Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ

Бүгін Түркістан қаласында Қазақтелеком қызметкерлеріне АЭС (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кешен ұжымын 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырған кездесу өтті.

Түсіндірме жұмыстарына Түркістан қалалық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы ретінде Түркістан қалалық мәслихат депутаты Мансұров Ардақ және Жәмила Сүлейменова арнай эксперт-маман Қарабалаева Арайлыммен бірге қатысып АЭС пайдасын түсіндірді.

Халық қалаулысы Мансұров Ардақ жалпыхалықтық референдумды тағайындау туралы бастаманың құқықтық негіздерін түсіндіріп өтті. Мемлекет өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы таңдау жасалатыны айтылды. Сондай-ақ жиын барысында, АЭС салу бастамасының технологиялық және ғылыми аспектілері, энергетикалық қауіпсіздікті және тәуелсіздікті қамту мәселелеріндегі рөлі талқыланып, ғалымдар мен сарапшылардың объективті бағалаулары келтірілді.

Жиынға қатысушылар АЭС салу бастамасы қай жағынан болсын, бүгінгі таңдағы ең тиімді жоба екендігіне көз жеткізді.

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...